Өскемен
пасмурно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +28°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +16°
  • Қостанай
    +17°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
482.53
+0.90
533.77
-0.69
¥
67.84
-0.08
5.41
+0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Соңғы үкім" фильмінің актерлері Өскеменге келді

Бүгін, 31 мамыр - Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай облыс орталығында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов туралы жаңа фильм көрсетілді

Усть-Каменогорск и ВКО / "Соңғы үкім" фильмінің актерлері Өскеменге келді
Фото:
kazakhcinema.kz

Фильмді өскемендіктермен бірге тамашалауға фильм сценарийінің авторы, продюсер Ғалым Доскен мен басты рөлдерді сомадаған әртістер келді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Толықметражды тарихи драма қазақтың ұлы гуманист-күрескері Ахмет Байтұрсыновтың қилы тағдырын, өмір жолының мәлім де беймәлім қырларын бейнелейді.

Бір фильм арқылы бүкіл тарихты қамту мүмкін емес. Дегенмен біз осы екі сағаттық фильмде қазақ зиялыларының басынан кешкен қасіретті тағдырын көрсетуге тырыстық. Туынды жастарға рух берсін, өткен тарихты өскелең ұрпаққа насихаттасын деген мақсат болды. Ұлы күрескерлерге арналған фильмдер жарыққа шыға берсін, - деді фильм сценарийінің авторы, продюсер Ғалым Доскен.

Фильм түсірілімі осыдан үш жыл бұрын пандемия уақытында басталып кеткен екен. Фильм Алматы, Семей қалалары мен Абай, Алматы, Жетісу облыстарының жерінде түсірілген.

imgonline-com-ua-Resize-xEluue5GSBLajI.jpg


Өскемендегі көрермендермен кездесуге Әлихан Бөкейхановтың рөлін сомадаған Айдар Наурызбаев пен Ахмет Байтұрсыновтың өмірлік жары Бәдрисафаның рөлін ойнаған Дарья Александрова келді.

Әлихан Бөкейхановтың рөлін сомдау оңай емес. Дегенмен барымды салып, тұлғаның болмысын ашуға тырыстым. Бұл фильм арқылы ұлт тарихы баяндалып, қасіретті жылдардың көрінісі бейнеленеді. Алаш арыстарының қайреткерлігінен жастар үлгі алсын деген ниетіміз бар, - дейді Әлихан Бөкейхановтың рөлін сомдаған актер Айдар Наурызбаев.

Следующая →