Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендіктер саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті

31 мамыр - Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендіктер саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті
Фото:
Устинка LIVE

AMANAT партиясының ШҚОФ өкілдері, "Жастар Рухы" ЖҚ ШҚОФ белсенділері мен депутаттар, студенттер саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мақсатында "Тәуелсіздік" монументіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – Тәуелсіз Қазақстанның тарихи шежіресінде жазылған күн. 1931 жылдары қаншама қазақ шет ел асты, қаншама қазақ баласы бас сауғалап Қытай арқылы Еуропа елдеріне дейін тарап кетті. Ұжымдастыру жылдары мал-жанынан айырылған қанша адам аштан қырылды. 1938 жылдардағы үлкен саяси нәубет, ұлтымызға үлкен қара таңба болып қалды. Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейхан, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев сияқты арыстарымыз осы жүйенің құрбандары болып кетті. Осы азаматтардың рухына тағзым етіп, ұлт үшін, еліміздің тәуелсіздігі үшін еткен еңбектерін насихаттау, жастарға танытуымыз керек, - деді Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Әскерхан Ақтай.

1925 жылы елімізді басқаруға келген Филипп Голощекин Қазақстанды "Кіші Қазан" төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Соның салдарынан ұлт зиялылары жаппай қуғындауға ұшырады. Голощекин өзіне қарсы шыққандарды қазақ елінен қуды, олардың көзін жоюды қолға алды.

1931-1933 жылдар аралығында Қазақстанда әртүрлі деректер бойынша жаппай аштықтан 1,7 млн-нан 2 млн-ға дейін адам қаза болды. Тек 1937-1938 жылдары ғана Қазақстанда 118 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мыңға жуық адам ату жазасына кесілді.

1928 жылдың соңында жалған айыппен "буржуазиялық ұлтшылдардың" ішінен 44 адам қамауға алынды: А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж. Аймауытов, Х.Ғаббасов, И.Әлімбеков. Бес адам, оның ішінде Ж.Аймауытов пен Х.Ғаббасов ату жазасына кесілді. Қалғандары әртүрлі мерзімге түзеу лагеріне сотталған.

Ұлттық интеллигенция өкілдерінің басқа тобы, 40-қа жуық адам 1930 жылдың қыркүйек-қазан айларында тұтқындалды. Топ құрамында Ж.Ақпаев, Ж.Кудерин, М.Тұрғанбаев, А.Ермеков болды. "Алаш Орда" ісі бойынша 4297 адам қуғын-сүргінге ұшырады, оның 2062-і ату жазасына кесілді. Бұл өте дарынды, білімді адамдардың тобы болды - тоталитарлық режиммен жойылған ұлттың қаймағы еді.

Біздің аймақта 1350 адам тұтқындалды, олардың 300-і ату жазасына кесілді, ал 1920-1940 жылдары тұтқындалғандардың тағдыры әлі күнге дейін белгісіз.

Следующая →