Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-ның барлық қала-ауылдарында заңгерлер халыққа тегін кеңес берді

Кеше Шығыс Қазақстан облысында "Халық заңгері" республикалық акциясы өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-ның барлық қала-ауылдарында заңгерлер халыққа тегін кеңес берді
Фото:
Устинка LIVE

Биыл алғаш рет бұл шара облыстың барлық қалалары мен аудандарында да ұйымдастырылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Тұрғындар заңгерлер мен құқық қорғау органдарының өкілдерінен, бейінді басқармалар мен бөлімдердің мамандарынан әр түрлі мәселе бойынша тегін кеңес алды.

Ал Өскемен тұрғындарына екі мекенжай бойынша тегін заңгерлік көмек көрсетілді. Оның бірі – Өскемен қаласының Карьер орталығы, екіншісі - С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің әкімшілік ғимараты. Екі локацияда да жиналғандар қарасы көп болды.

Акцияны ұйымдастырушылар – ҚР Әділет министрлігі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі. Мұндағы мақсат - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.

Азаматтар әртүрлі мәселелермен келді. Олар түрлі мемлекеттік органдарға жете алмай жүргендіктерін, бүгін бір жерден толыққанды ақпарат ала алғанын айтады. Одан кейін басқа уақытта заңгерге барғандар қомақты ақша төлеп жатады. Ал бұл жерде барлық көмек еш ақысыз көрсетілді. Сондықтан жыл сайын өткізілетін осы акцияның маңызы зор, - дейді Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Серік Жеңісов.

Кез келген азамат өңірімізге белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушыларыларына өздерінің жеке бастарындағы мәселелерге қатысты сұрақтарын қойып, кеңес алды. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың басшылары да болды.

Жақында шет елден көлік алғанмын. Соны Қазақстанда тіркеу тәртібі туралы білейін деп келдім. Заң қызметкерлері қалай әрекет ету керектігін толық түсіндіріп, бағыт-бағдар сілтеді, - дейді қала тұрғыны Айдын Ермекұлы.

Келушілердің дені жер мәселесі, зейнетақы рәсімдеу, жарық тарту, құқықтық мәселелер бойынша сұрақтарымен жүгінген.

Айта кеткен жөн, "Халық заңгері" акциясын өткізу дәстүрге айналған. 2016-2023 жылдар аралығында акцияға 8000-нан астам үздік сарапшы және мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 165 000-нан астам азамат консультация алды.

Следующая →