Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде пара алған бірнеше полиция қызметкері ұсталды

Жүйелі түрде пара алып келген ішкі істер органдарының қызметкерлеріне жалпы сомасы 22 млн теңге айыппұл салынды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде пара алған бірнеше полиция қызметкері ұсталды
Фото:
Устинка LIVE

Айыппұлды белгіленген мерзімде өтемесе, бас бостандықтарынан айырылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ақпаратына сүйенсек, Өскемен қаласының соты қалалық басқарманың әкімшілік полиция бөлімінің бастығы және басқа адамдарға қатысты пара алу фактілері бойынша үкім шығарды.

Ол жүйелі негізде мамандандырылған тұрақтардан автокөлік құралдарын заңсыз бергені үшін 20-дан 50 мың теңгеге дейінгі сомада пара алған. Сот үкімімен оған "полиция подполковнигі" арнайы атағынан айыра отыра айыппұл салынды, - деп мәлімдеді агенттік. - Сонымен қатар, осы үкіммен парақорлыққа делдалдық жасағаны үшін Өскемен қ. ПБ патрульдік полиция батальоны взводының командирі және ШҚО ПД ӘПБ инспекторы, сондай-ақ көмек көрсеткені үшін №5 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы сотталды.

Айыппұлдардың жалпы сомасы 22 млн теңгеден асты.

ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Следующая →