"Өскемен" қонақ үйі маңындағы жол жабық
Бұл аумақта жылу желілерін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
![Усть-Каменогорск и ВКО / "Өскемен" қонақ үйі маңындағы жол жабық Усть-Каменогорск и ВКО / "Өскемен" қонақ үйі маңындағы жол жабық](/upload/iblock/c78/68zhhlhf0d47byob4xyxunqb5yjj9wlb/imgonline_com_ua_Resize_Ukrlb0A29k.jpg)
Фото:
instagram/ukts_info
Жөндеу жұмыстары шілде айының ортасына дейін жүреді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өндірістік қажеттілікке байланысты "Өскемен" қонақ үйі аумағынан Протозанов көшесінің жол қиылысына дейінгі Қабанбай батыр көшесінде орналасқан ТК-651-ден ТК-652-ге дейінгі жер учаскесінде жөндеу жұмыстары басталды, - деп хабарлады "Өскемен жылу жүйелері" АҚ. - Автокөлік жолының екі жолағы жабылады. Көлік қозғалысы қарсы қозғалыс жолағы бойынша жүретін болады.
Жөндеу жұмыстары шілде айының ортасына дейін жалғасады.