Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да есірткі сатумен айналысатындар саны артқан

Қылмыстық заңның қатайтылғанына қарамастан, заңсыз есірткі тарату фактілері азаяр емес

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да есірткі сатумен айналысатындар саны артқан
Фото:
pexels.com

ШҚО-да соңғы 3 жылда облыста есірткі заттарын, оның ішінде синтетикалық түрлерін аса ірі көлемде сатумен байланысты қылмыстар үшін сотталғандар саны өсті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасының ақпараты бойынша, 2022 жылы Өскеменде - 21 адам, 2023 жылы - 22 адам, 2024 жылдың 5 айында - 14 адам сотталған.

Олардың барлығы ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабы шегінде 10 жыл және одан жоғары мерзімге бас бостандығынан айырылып отыр, - деп хабарлады ШҚО прокуратурасы. - Әсіресе бұл қылмысқа жастардың көп баруы алаңдатады. Өйткені "синтетика" таратушылардың орташа жасы 18 жастан 25 жасқа дейін, оның ішінде ұлдар ғана емес, жас қыздар да бар.

Мысалы, 2024 жылғы 16 сәуірдегі сот үкімімен жиырма жастағы К. деген азамат психотроптық заттарды сатқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот анықтағандай, ол "Telegram" мессенджері арқылы белгісіз бір адаммен қылмыстық келісімге келіп, аса ірі көлемде "αпирролидиновалерофенон" психотроптық заттарды сақтаған және оларды сатумен айналысқан.

Өкінішке қарай, жастар оңай ақша табу жолында қылмысқа барып, ол үшін жауапқа тартылатындарын естен шығарып жатады. Аса ірі көлемде есірткі сатқаны үшін қылмыстық жаза - 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша, салмағы небары 1 грамм болатын синтетикалық есірткінің зияны да зардабы да ауыр.

Следующая →