Меновное кентіндегі жолдардың бірі екі айға жабылды
Жылу желілеріне жөндеу жүргізілетіндіктен екі айға жуық Максим Горький көшесінде көлік қозғалысы шектеледі
"Өскемен жылу жүйелері" АҚ ақпараты бойынша, ТК-206-дан ТК-213-ке дейінгі учаскеде орналасқан жылу желілеріне жүргізілетін жөндеу жұмыстарына байланысты Меновное кентінің Максим Горький көшесінде автокөліктердің қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жеңіс саябағы жағынан бастап М. Горький көшесі бойымен, аумақтық басқару орталығы ғимаратына қарай (АБО, әскери комиссариат) М. Горький көшесі, 11а мекенжайына дейінгі автокөлік жолы толығымен жабылады, қозғалыс қарсы жолақ бойымен жүреді, - деп хабарлады "Өскемен жылу жүйелері" АҚ.
Жол 27 мамыр сағат 09.00-ден бастап, 16 тамыз 17.00-ге дейін жабық болады.
Тұтынушыларды сенімді және үздіксіз жылумен қамтамасыз ету үшін жылу желісінің осы бөлігін жөндеу қажет. Қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұраймыз және бағытыңызды алдын ала жоспарлап алуды ұсынамыз, - деп түсіндірді "Өскемен жылу жүйелері" АҚ.