Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО әкімі: "Біз қонақжайлығымызды таныта білуіміз қажет"

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев туризмді дамыту бойынша жиналыс өткізді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО әкімі: "Біз қонақжайлығымызды таныта білуіміз қажет"
Фото:
pexels.com

Аймақ басшысы аудан және ауыл әкімдеріне тұрғындарға ауылға келген демалушыларға қонақжайлық көрсету әдебі және сервистік қызмет сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмысын өткізуді тапсырды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Сондай-ақ, аудан әкімдері мен құқық қорғау орган өкілдеріне жағажай мен туристік орындарда демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүктелді.

Шығыс Қазақстан туристік әлеуеті зор аймақтардың бірі. Шекаралас жатқан Қытай және Ресей елдерінен келетін туристер бірқатар орындарға қызығушылық танытып отыр. Тарихы мен әсем табиғаты ұштасқан аймақта халықаралық туризм саласын дамыту үшін жағдай жасалмақ.

Облыс әкімі айтып өткендей, бұл саланы дамыту үшін аудандарда инфрақұрылымды жақсартып қана қоймай, сервистік қызмет көрсету сапасын да арттыру қажет.

Біз келген туристерге өз қонақжайлығымызды таныта білуіміз керек. Себебі кішігірім елді мекендерден бастап, аймақтың жалпы дамуына туризм серпіліс береді. Бір келген қонақ келесіде тағы аймағымызға келіп, оның сүйікті орындарының біріне айналатындай жағдай жасауымыз қажет, – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, жиналыс барысында балаларға арналған жазғы сауықтыру орындары мен лагерь жұмыстары да талқыланды. Аймақ басшысы балалардың демалыс орындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Следующая →