Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Самарлықтар мәдениет саласына мамандар тарту үшін не істемек?

Ауданда алдағы он жылдыққа "Мәдениетті, өркениетті болашақ" жобасы қолға алынды

Усть-Каменогорск и ВКО / Самарлықтар мәдениет саласына мамандар тарту үшін не істемек?
Фото:
Таунар Қайрат

Мақсат - ауданда тұрақты еңбек етуге әзір мамандарды даярлау. Ал ол үшін халық әртістері ағайынды Абдуллиндердің атындағы облыстық өнер училищесімен Самар аудандық мәдениет үйі екіжақты меморандумға қол қойған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Болашақта Самар ауданының бұл бастамасы өзге аудандарға өнеге болатындай іс деп білеміз. Енді біз сол тарапта өзіміздің тарапымыздан Самар ауданынан келетін жас түлектердің, болашақтағы өнерге, мәдениетке ден қойып, өмірін өнермен байланыстырамыз деген болашақ жастардың маман болып, осы жерде білім алуына ықпал ете алатын болғандықтан осы шараға үлес қосып отырғанымыз белгілі, – дейдіағайынды Абдуллиндер атындағы облыстық өнер училищесінің оқытушысы Шалқар Рысханов.

Айта кетейік, осыдан бірнеше апта бұрын Самар аудандық Мәдениет үйінің директоры Самардағы барлық мектептерді аралап, келешегін өнермен байланыстырамыз деген оқушыларды жинаған болатын. Шараға келген жастардың дені солар.

Экскурсия барысында колледж басшылығы арнайы бағдарлама әзірлепті. Білім ордасында ерекше көзге түсіп, республикалық жарыстарда топ жарып жүрген студенттер оқушыларға өз өнерлерін көрсетті. Студенттер барлық аспаптарда еркін ойнады.

Домбыра үйірмесін ашып, немесе мектебін ашып, өз ауылымды домбыра жағынан дамытқым келеді. Себебі біздің ауылда көптеген қосымшалар жоқ, – дейді Бастаушы ауылдық Абай Құнанбайұлы атындағы орта мектебінің оқушысыТұмарым Нұрлан.

Осы орайда ерекше бір айта кететіні, колледжге балалар өздерінің өнерге деген бейімділігімен де түсе алады.

Бізге бәрі өте қызықты болды. Осының арқасында менің өнерге деген қызығушылығым пайда болды. Болашақта өзіміздің мәдени өрекниетін дамыту үшін өз үлесімді қосқым келеді, – дейді Көкжота ауылдық Ж. Жабаев атындағы орта мектебінің оқушысыБейайдар Ахмадиев.

Жобаны авторы бұл жобадан үлкен үміт күтетінін айтады.

Әкелген отыз баланың жартысы нақ оқуға түсетін болса. Бұл 15 бала 3 жыл 8  ай көлемінде оқып арнайы маман болып шығады.3-4 жылдан кейін біздің Самар ауданының өнері өте қарқынды дамиды деген ойдамыз. Бұл үрдіс ары қарай жалғасады деген ойдамын. «Мәдениетті, өркениетті болашақ» жобасы аясында оқу орнын тәмамдаған жастар Самар ауданына келіп, қызметке кіріседі, – дейді Самар аудандық мәдениет үйінің директоры Дархан Бекбосынов.

Сонымен қатар, Дархан Рамазанұлы колледждің биылғы бітіретін түлектерімен кездесіп, ауданға қызмет істеуге шақырды. Ал түлектер Самарға келу жоспарларында бар екендіктерін айтты. Айта кетейік, Дархан Бекбосынов колледж директорына аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.

Балалар колледжден шыққаннан кейін тарихи-өлкетану музейіне және облыстық драма театрына экскурския жасады.

Аталған жоба жаңадан құрылған аудандарға да үлгі болары сөзсіз. Себебі жаңа аудандардың басты мәселелері маман тапщылығы. Мәдениет үйінің дирекоры ауданға мәденеит саласында қызмет істейтін жастарды шақырады.

Следующая →