Балабақшаға кезекке қою қызметі уақытша тоқтатылды
Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезектілік бойынша мәліметтерді Бірыңғай базаға көшіру басталды
Мектепке дейінгі ұйымдардағы орындарды бөлуде ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету мақсатында кезекті есепке алудың Бірыңғай базасы әзірленді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО Білім басқармасы ақпаратына сүйеніп.
Жаңа модель отбасылық сұраныстарға негізделген төрт балабақшаны таңдауға мүмкіндік береді.
22 мамырдан бастап Шығыс Қазақстан облысында кезектілік бойынша мәліметтерді Бірыңғай базаға көшіру басталады, - деп мәлімдеді басқармадағылар. - Осыған орай, ағымдағы жылғы 22 мамырдан бастап кезекке қою және мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімі тоқтатылатын болады.
Осы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәліметтерді көшіру процесі аяқталғаннан кейін қайта жанданады. Ал нақты мерзімін білім басқармасы қосымша хабарлайды.