ШҚО-да сейсмикалық жаттығулар өтеді
Өңірдегі барлық мекемелер мен кәсіпорындар, мектеп және ауруханаларда жер сілкінісі кезіндегі әрекеттерді пысықтау жаттығулары жүргізіледі
"Жер-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде 24 мамырда облыстық сейсмикалық жаттығу өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Оған өңірдің барлық азаматтық қорғау қызметтері, кәсіпорындар, өнеркәсіптік объектілер, мекемелер, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары қатысады.
Негізгі мақсат - жер сілкінісі болған жағдайда халықты іс-әрекетке даярлау деңгейін арттыру үшін облыс тұрғындары қауіпсіз орындарды, эвакуациялау ережелерін білуі және дабыл чемодандарды дайындауы, азаматтарды уақытша орналастыру пунктері туралы ақпараттандыру.
ШҚО ТЖД барлық тұрғындардан сейсмикалық жаттығуларға белсенді қатысуды сұрайды.
Алғашқы дүмпулер басталған уақта адамдар ғимараттан 10-15 секундта шығып үлгеруі және қауіпсіз орындарға тығылуы керек (күрделі ішкі қабырғалардың, ішкі қабырғаларынан пайда болған бұрыштар, сондай-ақ арқалық жақтаулар астындағы орындарда), - деп қауіпсіздік ережелерін еске салады құтқарушылар. - Егер сіз жер сілкінісі кезінде сыртта болсаңыз, ғимараттар мен электр желілерінен алыс және ашық аумаққа қашыңыз. Жер сілкінісінен кейін радионы қосып, жер сілкінісінің эпицентрі және одан кейінгі әрекеттер туралы ақпаратты тыңдаңыз. Әрқашан дабыл чемоданыңыз дайын болуы қажет.