Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Рұқсатсыз ағаш кескендер 50 еселенген мөлшерде көшет егуге міндетті

Шығыс Қазақстан облысының мәслихат депутаттары елді мекендерінде көгалдандыру, жасыл желекті күтіп ұстау және қорғаудың жаңа ережесін бекітті

Усть-Каменогорск и ВКО / Рұқсатсыз ағаш кескендер 50 еселенген мөлшерде көшет егуге міндетті
Фото:
Устинка LIVE

Бұл ереже былтыр қаңтарда қабылданған "Өсімдіктер дүниесі туралы" Заңға сүйене отырып енгізіліп отыр, хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Енді ШҚО-да елді мекендерді көгалдандыру жұмысы арнайы мамандардың ұсынысынан және жергілікті атқарушы органның бекітуінен кейін ғана жүзеге асырылады. Бұл талап тек саябақ немесе жасыл аймақ салуға қатысты емес, қоғамдық аумақта гүлзарлар жасауға да қатысты болмақ.

Сонымен қоса, жеке және заңды тұлғалар көгалдандыру жұмысын уәкілетті орган белгілеп берген учаскеде өзінің қаражаты есебінен жүргізетін болады, уәкілетті органның құрылыс жүргізу туралы шешім қабылдауы немесе жасыл желекті аумақты (саябақ, сквер, бульвар, мекемелер және өзге де өнеркәсіптік нысандар) қайта жаңарту міндетті түрде қоғамдық тыңдаулар өткізу арқылы жүзеге асырылады.

Сол сияқты аталған ережеде жеке және заңды тұлғалардың кесілген ағаштың орнына егілетін көшеттерге күтім жасау мерзімі нақты көрсетілген. Айталық, қылқан жапырақты көшеттерге үш жыл, жалпақ жапырақты ағаштың көшеттеріне екі жыл бойы күтім жасалуы керек. Егер осы уақыт ішінде көшеттер өліп қалса, оның орнына қайтадан жас шыбықтар егіліп, күтім жасалуға тиіс.

Кесілген жасыл желекті қалпына келтіруде бір жылдық көшеттерді егуге рұқсат етілмейді. Осы орайда кесілген жасыл желекті қалпына келтіру үшін егілетін көшеттердің көлемін анықтау нормалары өзгеріссіз қалды.

Айта кетейік, жергілікті атқарушы органның рұқсатымен ағаштар кесілетін болса, орнына он еселенген мөлшерінде көшет егілуі керек. Рұқсатсыз кескен жағдайда елу еселенген мөлшерінде талап етіледі. Ал егер сирек кездесетін немесе жоғалып бара жатқан жасыл желекті рұқсатсыз кесетін болса орнына жүз есе көп көшет егуі қажет.

Естеріңізде болса, былтыр қаңтарда елімізде "Өсімдіктер дүниесі туралы" Заң қабылданған. Ол заң өсімдіктер дүниесін қорғау, қалпына келтіру және пайдалану бойынша мемлекеттік саясаттың құқықтық негіздерін белгілеп, қоғамдық қатынастарды реттейді.

Следующая →