Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ірі тұрмыстық қалдықты коммуналдық мекеме жинауға міндетті емес

ШҚО тұрғындарына ірі тұрмыстық қалдықтарды ауладағы контейнер маңына жинауға қатаң тыйым салынады

Усть-Каменогорск и ВКО / Ірі тұрмыстық қалдықты коммуналдық мекеме жинауға міндетті емес
Фото:
Устинка LIVE

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары өңірдің қалалары мен елді мекен аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Облыстың барлық коммуналдық қызметтері осы қағидалар бойынша жұмыс істеуі керек.

Құжаттағы ережеде "ірі көлемді қалдық" және "мамандандырылған кәсіпорын" сияқты ұғымдар қолданылады.

Ірі көлемді қалдықтарға көлемі 0,5 метрден асатын жиһаз, тұрмыстық техника мен сантехника енеді.

Мамандандырылған кәсіпорындарға енді коммуналдық қоқысты жинау, сұрыптау, тасымалдау, жарату және жою жұмыстарын жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар жатқызылады. Бұл кәсіпорындарға қоқыс контейнерлері мен олар тұрған алаңдарды күтіп ұстау, жөндеу, тұрақты түрде жуу, сондай-ақ шыбын-шіркей мен кеміргіштерге қарсы дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу міндеті жүктеледі. Ал осы мекемелердің жұмысшылары қоқысты шығарғаннан кейін барлық контейнерлік алаңдарды және оған іргелес аумақты тазалауға міндетті.

Жаңа ереже бойынша, көпқабатты үй тұрғындарына жиһазды, тұрмыстық, санитарлық техниканы, жалпы кез келген басқа да ірі қалдықтарды аулада тұрған контейнерлік алаңдардың жанына жинауға қатаң тыйым салынады. Бұл қоқыстарды әркім сақтау және өз қаржысы есебінен полигонға шығаруға міндетті.

Жол төсемдерін, тротуарларды немесе гүлзарларды бұзуға тура келген кез келген құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғаннан кейін оларды 30 күнтізбелік күн ішінде және өз есебінен бастапқы қалпына келтіруі керек.

Жарнаманы бейберекет жабыстыруға да болмайды.

Следующая →