ШҚО онкология орталығы тегін дәрігер қабылдауына шақырады
ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында Ашық есік күні өтеді
Облыс онкологтары меланома мен терінің онкологиялық ауруларының алдын алып, ерте анықтау үшін тұрғындарды тексерістен өтуге шақырады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қабылдау 25 мамырда сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін жүреді.
Бұл күні терапевтің жолдамасынсыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебеге қарамастан орталықтың жетекші мамандарынан кеңес алуға болады. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек, - деп хабарлады ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығы.
Мекенжайы: Потанин к-сі, 6, 1-корпус, консультативтік-диагностикалық бөлімше (емхана). Сұрақтар туындаса, емханаға хабарласуға болады: +7(7232)48-91-51, +77780037845.