ШҚО онкология орталығы тегін дәрігер қабылдауына шақырады
ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында Ашық есік күні өтеді
![Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО онкология орталығы тегін дәрігер қабылдауына шақырады Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО онкология орталығы тегін дәрігер қабылдауына шақырады](/upload/iblock/f85/2y4dcdv3jktyua441kr79i5sedslu2ie/IMG_6282.jpg)
Облыс онкологтары меланома мен терінің онкологиялық ауруларының алдын алып, ерте анықтау үшін тұрғындарды тексерістен өтуге шақырады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қабылдау 25 мамырда сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін жүреді.
Бұл күні терапевтің жолдамасынсыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебеге қарамастан орталықтың жетекші мамандарынан кеңес алуға болады. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек, - деп хабарлады ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығы.
Мекенжайы: Потанин к-сі, 6, 1-корпус, консультативтік-диагностикалық бөлімше (емхана). Сұрақтар туындаса, емханаға хабарласуға болады: +7(7232)48-91-51, +77780037845.