Өскемен
ясно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +27°
  • Ақтөбе
    +27°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +29°
  • Қарағанды
    +26°
  • Көкшетау
    +26°
  • Қостанай
    +27°
  • Қызылорда
    +36°
  • Павлодар
    +24°
  • Петропавловск
    +24°
  • Тараз
    +31°
  • Туркестан
    +24°
  • Шымкент
    +32°
$
459.6
-0.15
493.06
-1.08
¥
63.3
-0.05
5.38
-0.16
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО драма театрында риддерлік жас әртістер өнер көрсетеді

Риддер қаласының "FAVORITSTAR" театр студиясының жас актерлері музыкалық ертегіге шақырады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО драма театрында риддерлік жас әртістер өнер көрсетеді
Фото:
Устинка LIVE

Жас әртістер 22 мамыр күні сағат 16.00-де Шығыс Қазақстан облыстық драма театрына "Түн патшайымы" музыкалық ертегісін қояды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл Г.Х. Андерсеннің әйгілі "Қар ханшайымы" шығармасының жаңа нұсқасы. Спектакльдің қоюшы-режиссері және труппа жетекшісі Светлана Морозова. Қойылымды Риддер қаласындағы "FAVORITSTAR" театр студиясының 12-17 жас аралығындағы әртістері өскемендік кішкентай көрермендерге тарту етпек.

Қойылым 1 сағат 15 минутқа созылады.

Ертегімізде Түн патшайымы билігін жүргізеді. Шулаған және ұйықтамаған балаларды ұнатпайтын ол түн патшалығына ұрлап кетеді. Ертегінің басты кейіпкерлері - Ася мен Максим Түн патшайымының бар екеніне сенбейді. Максим өзінің сенімсіздігімен Түн патшайымын ашуландырады және патшайым оны суық жұлдыз ету үшін сарайына алып кетеді. Ася Максимді құтқару үшін патшайымның сарайына аттанады. Ертегінің нәтижесі қандай және балалармен қандай таңғажайып оқиғаларды бастан кешетіні туралы, қымбатты көрермендер өздеріңіз көретін боласыздар, - дейді "FAVORITSTAR" театр студиясының өкілдері.

Следующая →