Өскемен
Бұлтты
-8°
  • Өскемен
    -8°
  • Семей
    -10°
  • Алматы
  • Риддер
    -6°
  • Астана
    -4°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Ақтау
    +1°
  • Атырау
  • Қарағанды
    -7°
  • Көкшетау
    -1°
  • Қостанай
    -2°
  • Қызылорда
    -1°
  • Павлодар
    -6°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +1°
  • Түркістан
    +4°
  • Орал
    -2°
  • Шымкент
    +3°
$
499.83
+1.74
581.5
+4.16
¥
72.47
+0.28
6.42
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да жүз мыңнан астам цифрлық кадастрлық қызмет көрсетілген

"Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесі арқылы жалпы 2,5 млн-нан астам қызмет көрсетілді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да жүз мыңнан астам цифрлық кадастрлық қызмет көрсетілген
Фото:
"Азаматтарға арналған үкімет" ШҚОФ

Оның ішінде ШҚО бойынша 108 мыңнан астам қызметті ШҚО филиалы көрсеткен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ең жиі алынатын анықтама - жылжымайтын мүліктің болуы және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, ЖМБМК АЖ 2023 жылдың 1 шілдесінде енгізілген болатын. Бұл жүйеге жер және құқықтық кадастрлардың деректері біріктірілді.

Қазіргі уақытта ақпараттық жүйенің көмегімен жылжымайтын мүлік саласында 8 мемлекеттік қызмет және жер кадастры желісі бойынша 4 қызмет көрсетіледі. Мұнда, мәселен, құқық белгілейтін құжаттар мен техникалық паспорттардың телнұсқаларын алуға, жер учаскесінің кадастрлық паспортына тапсырыс беруге және алуға, учаскені бағалауға болады, - деп атап өтті "Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Дмитрий Галанин.

ЖМБМК маңызды ерекшелігі құжаттарды оңтайландыру болды. Нәтижесінде, жылжымайтын мүлікке техникалық паспорт және жер учаскесіне акт бір құжатқа - кадастрлық паспортқа біріктірілді.

Айта кетейік, ШҚО бойынша бүгінде "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" арқылы 18 мыңнан астам кадастрлық паспорт берілді.


Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО Цифрлық кадастр 108 мың қызмет