Өскемен
малооблачно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +27°
  • Ақтөбе
    +33°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +32°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +29°
  • Қостанай
    +30°
  • Қызылорда
    +35°
  • Павлодар
    +25°
  • Петропавловск
    +29°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +29°
  • Шымкент
    +31°
$
450.79
482.21
¥
62.14
5.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлттық ұланның мергендері сайысқа түсті

Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты №3477 әскери бөлімнің оқу-жаттығу базасында оқ атудан сайыс өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Ұлттық ұланның мергендері сайысқа түсті
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Жарыста Павлодар, Семей, Курчатов және Өскемен қалаларының әскери қызметшілері сынға түсіп, сұрмергенді анықтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қатысушылар 25, 100 және 300 метр қашықтық бойынша бақ сынады. Жарыс командалық және жеке сында өткізілді. Қатысушылар Драгунов мергендік мылтығы мен Макаров тапаншасынан оқ атты.

Бұқаралық спортты дамытуға құқықтық тәртіп әскерлерінде айтарлықтай көңіл бөлінеді. Оқ ату бойынша жарыстар әскери қызметшілердің бойындағы мақсатқа қарышты қадам жасау, дәлдікді анықтау, шыдамдылық көрсету және өзін-өзі бақылау сияқты қасиеттерді жетілдіруге әсер етеді, - дейді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының спорт және дене даярлық қызметінің бастығы подполковник Бауыржан Дарыбаев.

Екі күнге созылған сайыс тартысқа толы болды. Әділқазылар алқасының шешімімен жалпыкомандалық есепте 1-орынға Өскемен қаласының №3477 әскери бөлімі, ал 2-орынға Өскемен қаласының №5518 әскери бөлімі ие болды. Сондай-ақ жүлделі 3-орынды Курчатов қаласының №3477 әскери бөлімі місе тұтты.

Следующая →