Ертең Өскеменде Күршім ауданының жәрмеңкесі өтеді
Осы сенбіде облыс орталығына Күршім ауданының ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілер келеді
Фото:
instagram/kurshym_akimdigi
Жәрмеңке Сәтбаев көшесі, 39 мекенжайындағы "ТНП" дүкенінің аумағында өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Басталуы сағат 9.00-де.
Жәрмеңкеде Күршім ауданының шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлері қалалықтар мен қала қонақтарына өздерінің экологиялық таза өнімдерін (ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, бал және т.б.) әдеттегідей арзан бағада ұсынады. Сонымен қатар, аудан өнерпаздары ән мен биден шашу шашады, - деп хабарлады Күршім ауданының әкімдігі.