Өскеменде қырыққабат пен пияз арзандады
Қаладағы бағаны тұрақтандыру павильондарында қырыққабат пен пияз бағасы түсті
Қырыққабаттың 1 келісі 110 теңге, ал пияз 100 теңге, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен қалалық кәсіпкерлік бөлімі ақпаратына сүйеніп.
Ағымдағы жылдың 16 мамырынан бастап "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ бағаларды тұрақтандыру бағдарламасының сауда павильондарында қырыққабаттың 1 келісі 130 теңгеден 110 теңгеге, ал пияз 120 теңгеден 100 теңгеге арзандады. Жалпы, бағаларды тұрақтандыру бағдарламасы бойынша әлеуметтік маңызды деп танылған жеміс-көкөніс өнімдерінің құны 150 теңгеден аспауы керек. Бүгінгі күні Корпорацияның сауда павильондарында бағалар 100-150 теңге аралығында тұрақты ұсталуда, - дейді Өскемен қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Гасан Тұрғанбаев.
Осыған дейін тұрақтандыру бағдарламасында келісімшарт бойынша серіктес жеткізуші тарап "Приречное" агрофирмасы" ЖШС болатын. Мамырдан бастап әлеуметтік маңызды азық-түлік қатарындағы көкөніс өнімдерін "Алтай" көтерме-тарату орталығы жеткізе бастады.