Өскемен
ясно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +22°
$
467.29
+2.01
501.03
+1.83
¥
64.34
+0.24
5.35
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тарбағатайдағы Жалаңаш ауылына келетін жас мамандарға үй салу керек

Жалаңаштықтар аудан әкімімен кездесу кезінде осындай тілек білдірді

Усть-Каменогорск и ВКО / Тарбағатайдағы Жалаңаш ауылына келетін жас мамандарға үй салу керек
Фото:
instagram/tarbagatai.audany

Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаев Жалаңаш ауылдық округінің тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жиын барысында аудан әкімі Жалаңаш ауылында атқарылатын бірқатар шараларға тоқталды.

Биыл ауылды абаттандыру жұмыстары бойынша Жалаңаш ауылында футбол алаңын орнатуға аудандық бюджеттен 4 млн теңге, балалар ойын алаңын орнатуға 5 млн теңге қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары жоспарлануда, - деп хабарлады аудан әкімдігі. - Жалаңаш елді мекеніндегі көшелердегі жарықтандыру жұмыстары да жоспарда бар. Сонымен қатар, С. Көбеев атындағы мектеп-балабақша кешені ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 32,5 млн теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары басталды. Алдағы уақытта халық игілігіне пайдалануға берілетін болады.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан ауылға жаңадан келетін жас мамандарға "Бір қабатты шығыс" бағдарламасы аясында үйлер салу, сондай-ақ Жалаңашқа кіре беріс көпірге құбырлар қойылса деген ұсыныс айтылды.

Следующая →