Өскемен
ясно
+5°
  • Өскемен
    +5°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +18°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +22°
$
480.61
+1.23
534.53
+2.90
¥
67.76
+0.18
5.28
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Әкемтеатр" ШҚО-ға көрімдік ала келді

Ғасырлық тарихы бар М. Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры Өскеменде ашылатын оперетта театрына сыйлық ала келді

Усть-Каменогорск и ВКО / "Әкемтеатр" ШҚО-ға көрімдік ала келді
Фото:
ШҚО драма театрынан

Өскемен қаласын М. Әуезов атындағы ұлттық драма театры гастрөлдік сапармен келді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Кеше шығыс жұрты 1940 жылы М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма теарында алғаш рет көрермен назарына ұсынылған "Қозы Көрпеш – Баян сұлу" махаббат дастанын тамашалады. Залда ине шаншар орын болмай, өнерсүйер қауым тегіс жиналған. Жылдар өтсе де бұл қойылым әлі үлкен сұранысқа ие.

М. Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры 2026 жылы 100 жасқа толады. Бұл тек Алматының театры емес, бүкіл қазақтың театры, - дейді театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Тілеуқұлұлы. - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі осы мерейтойға орай театрдың екі жылдық гастрөлдік сапар жүйесін жасады. Қазақстанның барлық облыстарын аралаймых. Талдықорған, Павлодар қалаларында болып, енді Өскемен қаласында бес күндік сапарымызды бастадық.

Жалпы бүгінгі таңға дейін театр репертуарында 70-ке жуық қойылым бар. Театр әр өңірде әр түрлі спектакль қояды.

Шығыс жұртына театр репертуарына араға жылдар салып қайта қосылған Ғабит Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш – Баян сұлу" қойылымын; Рахымжан Отарбаевтың әңгімесінен қойылған елге оралған Қытай қазақтарының тағдыры жайлы "Қытайдан жеткен сәлемдеме" драмасы; 20 жылдан астам уақыт репертуарымызда жүріп келе жатқан, ел сүйетін "Сыған серенадасы" мюзиклі; 35 жыл сахнадан түспеген "Бес бойдаққа бір той"; Мағжан Жұмабаев туралы "Жүз жылдық махаббат" қойылымдарын ұсынамыз, - дейді Еркін Тілеуқұлұлы.

imgonline-com-ua-Resize-jblpBsUpXZ.jpg

Ескере кеткен жөн, бұл қойылымдардың барлығының синхронды аудармасы бар. Яғни, орыс тілді көрермен қойылымның аудармасын құлаққаппен қатар тыңдай алады.

Өкінішке қарай, көп облыстық театрларда Әуезов театрындағыдай жүйе жоқ. Синхорнды аударма театрда әу бастан бар. Бізде барлық қойылымдар бірнеше тілге аударылған, көбінесе орыс және ағылшын тіліндегі аудармалар сұранысқа ие, - деп атап өтті театр директоры.

Айта кетейік, қазіргі таңда театрда 80 актер мен  шығармашылық құрамда 20 адам жұмыс жасайды.

Бұл күндері шығысқазақстандықтар ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс, оның баласы Мағжан Тұрыс, Елжан Тұрыс, Дария Жүсіп, Алмас Шаяхметов, Назгүл Қарабалина, Шынар Асқарова сынды өздерінің сүйікті, танымал әртістерімен қауышып, өнерін тамашалай алады.

Бұдан бөлек, қазақ театр өнерінің қара шаңырағы шығысқазақстандықтарға тағы бір тамаша тарту ала келген.

Шығыс Қазақстан облысында оперетта театры ашылатынын естіп жатырмыз. Қазақстанда қандай да болсын театрдың ашылуы - ең алдымен сахнагерлер үшін үлкен жаңалық. Театрдың көптігінен халық рахаттанбаса, одан зиян болмайды. Осы орайда өзіміздің театрымызда бірнеше тамаша актерлар киген, талай қойылымдарда әр түрлі кейіпкерлер болып шыққан костюмдер мен сахнада қолданылатын жабдықтарды (реквизиттерді) осы жаңадан ашылған театрға көрімдік ретінде ұсынып отырмыз, - деді Еркін Тілеуқұлұлы.


Следующая →