Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде әжелердің құрметіне ескерткіш қойылады

Халықаралық отбасы күніне орай өңірдегі әжелер алқасының белсенді ардагерлерінің қатысуымен "Әжелер алқасы" облыстық форумы өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде әжелердің құрметіне ескерткіш қойылады
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Форумға әр өңірдің ақ жаулықты әжелері жиналып, ұрпақ тәрбиесі төңірегінде келелі әңгіме өрбітті. Өмірлік тәжірибелерін ортаға салып, ақыл-кеңестерін айтты, ұсыныстарын білдірді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қазақ  қандай қилы заман болса да, ұрпағының ұлағатты тәрбиесін назардан тыс қалдырмаған халық. "Ұят болады, обал болады, сауап болады" деген үш ауыз сөзбен-ақ ұлтжанды ұл, қылықты қыз тәрбиелеген. Ел ішінен бір тентек шықса, туған-туыс, бір рулы ел болып, қала берді бір ауыл болып жөнге салған. Әсіресе ұрпақ тәрбиесінде көнекөз қариялар – ақсақалды аталар мен ақ жаулықты әжелердің рөлі зор.

Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы бір сөзінде: "Бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқамын; екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын; үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын…" деген екен.

Рас, бүгінде немересіне ертегі айтпақ түгілі, басына ақ жаулық тартпайтын әжелер бар. Ертегі тыңдағанның орнына тик-ток пен инстаграмға есі кеткен баланы телефон тәрбиелеп жатыр. Өзіміздің ұлттық құндылықтарымыздан айырылып қалмай тұрғанда ес жиятын кез келді. Форумның мақсаты да осы - даналықтың кемел мектебі бола білген асыл жандардың өнегелі жолын жаңғырту.

Өңірде ардагерлер алқасының жанынан "Әжелер алқасы" кеңесі құрылған. Облыстың әр қала-ауданында әжелер алқасы белсенді жұмыс істеп жатыр.

Әжелер алқасының жұмысын 2008 жылы бастап кеткенбіз. Басты мақсатымыз – ұлттық рухымызды ояту; ананың сүтімен, бесіктің әлдиімен келген тілімізді, ата-бабамыздан қалған асыл қазына – салт-дәстүрді жоғалтпай насихаттап, жаңғырту, болашақ жас ұрпаққа табыстау, - дейді Алтай ауданынан келген "Ата дәстүр" мәдени бірлестігінің меңгерушісі Фарида Тауданбекова. - Ауданымызда "Ата дәстүр" қазақ-фольклорлық әжелер тобы құрылған. Мерекелерде қазақ халық әндерін айтып, салт-дәстүрлерімізді: бесік той, тұсаукесер, шілдехана, құда түсу, сырға салу сынды жоралғыларымызды насхаттап келеміз. Тіпті, Ресейге де барып, қазақтың салт-дәстүрін паш еттік. Сонымен қатар, қолөнеріміз, шеберлік сабақтарымызды жинақтап, бір кітап, одан кейін "Жаңарған Алтайдың салт-дәстүрі"  деген атаумен бір кітап шығардық. Оны аудандағы кітапханалар мен мектептерге тараттық. Биыл Алғыс айту мерекесі аясында әжелер алқасының жанынан екі жаңа мектеп аштық. Оның бірі қазақ ұлттық дәстүр мектебі өскелең жас ұрпаққа ою-өрнек, құрақ құрау, киіз басу жолдарын үйретсе, екіншісі "Кел, сөйлесейік!" қазақ тілін үйрету клубы.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев айтып өткендей, әжелердің отбасы институтын нығайтуға қосатын үлесін ескеріп, оларды бағалауымыз керек.

Біздің ақсақалдарымыз – қоғамның қазынасынасы, әр үйдегі жас буынға жол сілтер парасат пен даналықтың тірегі, ал әжелеріміз – ұлтты тәрбиелеген ошақ қасы, шаңырақты сақтаушы. Барлық аналар мен әжелерге құрмет көрсете отырып, біз Өскеменде "Әже" монументалды ескерткішін орнатамыз, - деді өңір басшысы.

Форум соңында облыстың қоғамдық өміріне үлес қосқан аға буын өкілдеріне "ШҚО құрметті ардагері" төс белгілер табысталып, алғыс хаттармен марапатталды.

Сондай-ақ, облыс басшысы Ермек Көшербаев атадан балаға мирас болып қалған ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін ардагерлер кеңесінің жанынан өскелең ұрпақты ұлттық қолөнердің дәстүрлі түріне баулитын бөлімдер ашуды ұсынды.

Бала тәрбиесіндегі қазақтың озық үлгісі – ата-әже тәрбиесі еді. Осыны ескере отырып, ақсақалдар мен әжелер ұлттық көлөнер шеберлігінің қыр-сырын жастарға үйрететін, ұмыт қалған игі дәстүрді жаңғыртатын бөлім немесе орталық құруымыз керек. Аға буынның өнері, мектебі, өнегесі – бүгінге қоғамға керек баға жетпес байлық, бойға терең сіңіретін таптырмас тәрбие құралы, - деді өңір басшысы.

Следующая →