Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да терезесі күңгірттелген көлікпен келген туристерге арнайы белгілер беріледі

ШҚО әкімі шетелдік туристерге автокөлік әйнегіндегі  тонировка үшін шектеу қоймауды ұсынды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да терезесі күңгірттелген көлікпен келген туристерге арнайы белгілер беріледі
Фото:
pixabay.com

Қазіргі таңда ШҚО әкімдігі полиция департаментімен бірлесіп қытайлық туристер арнайы белгілер беруді ойластыруда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы туристік нысандардың алуан түрлілігімен ерекшеленетін еліміздегі бірден-бір аймақ. Өңірге келуші шетелдік туристердің саны жыл санап артуда. Сондай-ақ, биыл көршілес Қытайда Қазақстанның туризм жылы деп жарияланды, облыстың аталған елмен іргелес орналасуы қытайлық туристердің қызығушылығын оятқан.

Ел көршілес  ШЫҰ, ЕАЭО сияқты көптеген ұйымдарға мүшелік етеді. Сондай-ақ шекаралас Ресеймен, Орталық Азия мемлекеттерімен ел тығыз қарым-қатынаста. Ағымдағы жылдың наурыз айында облыс өкілдері Қытайдағы 2024 жылғы Қазақстанның туризм жылының ашылу салтанатына қатысып, Шығыс Қазақстанның туристік әлеуетін сөз етті. Қытайлық кәсіпкерлермен және туроператорлармен кездесуден кейін көрші елдік туристердің алғашқы тобы өз көліктерімен облысқа алып келуге мүмкіндік туды.

Шығыс Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуына өңірге бет бұрған туристердің, соның ішінде шетелдік туристердің санының артуы жаңа серпін бермек. Облыста қызмет көрсету нысандары жанданып, шағын қонақ үйлер, кемпингтер, жатақханалар, қонақ үйлер, дәмханалар, дүкендер, сондай-ақ облыс қонақтарына арналған мәдени, спорттық және ойын-сауық ұйымдары ашылмақ.

Айта кетейік, шетелдік туристердің кейбірі арнайы турлардың көмегінсіз тек өздері қалаған жерлерді аралап, көлікпен саяхаттауды жөн көреді. Мәселен, екі апта бұрын Шығыс Қазақстан облысына Қытайдан келген қонақтардың алғашқы тобы жеке көліктерімен келді. Туристер мінген темір тұлпарлардың жабдығы оларды біраз әбігерге салды. Қазақстанда көліктерді толық тонировкалауға заңнамалық деңгейде тыйым салынған, ал Қытайда мұндай шектеулер жоқ. Дегенмен, бір сапар үшін иесі көліктен бас тартпайтыны анық.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев шетелден келетін автотуристердің бұл мәселесін атап өтті.

Қытайлық туристедің көбі жеке көлікпен саяхаттауды жөн санайды. Біз қазір туризмнің осы түріне арналған тұрақтар мен туристік нысандарды даярлау мәселесін пысықтап жатырмыз. Бұл жерде шешілуі керек бір мәселе бар. Қытайда көліктерге толық тонировканы қолдануға тыйым салынбағанымен, бізде оған тыйым бар. Сондықтан біз облыстық ішкі істер департаменті арқылы қытайлық туристерге арналған белгілер жасау туралы ұсыныс ойластырдық. Оларға айыппұл салынбауы үшін Қазақстанға кірген сәттен бастап, шекарада бұл автокөліктерге белгі қоюға болады, - деп түсіндірді Ермек Көшербаев.

Бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгеріс енгізуді білдірмейді, тек туристердің мүдделерін қанағаттандыратын және осы мәселеде аймақтың туристер арасында танымалдылығын одан әрі арттыратын шешімге айналуы мүмкін.

Еске салайық, ҚХР Қанас көлінен Марқакөл көліне дейін трансшекаралық туристік маршрут салуға сұраныс жіберілді. Теректі ауылы арқылы жаңа шекара өткелі ашылса, Шығыс Қазақстанға да біраз туристерді тартуға болады. Маршрут оларға бір сапарда Марқакөл көлі, Ескі Австрия жолы мен Берел мұражай қорығы сияқты көрікті жерлерге тамашалауға мүмкіндік береді.

Следующая →