Ұрынқай ауылының маңында жолдың шеті опырылып түскен
"Теректі-Ұрынқай-Төсқайың" автожолының 64 шақырымында жол шеті опырылып кеткен
Фото:
Устинка LIVE
Бұл жолда "ОблШығысЖол" мекемесі жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қазіргі уақытта тиісті жол белгілері орнатылып, ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды, – деп хабарлады ШҚО әкімінің баспасөз қызметі. – "ОблШығысЖол" мекемесінің техникасы жұмылдырылып, жолдың шетін қайта қалпына келтіру жұмыстары қолға алынбақ. Болжам бойынша, ертең 13 мамыр күні жолдың шеті толықтай қалпына келтіріп, қозғалыс жанданады. Жағдай бақылауға алынды.