Самар ауылындағы қай үй ең үлгілі үй болады екен?
Самарға 100 жыл көшесінің тұрғындары арасында "Үлгілі үй" байқауы өтеді
Бұл байқауды Самар ауданы Мәдениет үйі жариялап отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Байқаудың талабы бойынша тұрғындар 13 сәуірден 11 мамыр аралығында өз аулаларының тазалығын қамтамасыз етуі тиіс. Ауланы, қоршаудың сыртқы жағын тазалау, қоқыстарды шығару, сынып жатқан қоршауларды жөндеп, қалпына келтіру және де ағаш отырғызып, гүл егу, үйлерінің сыртын әктеу, терезелерін бояу жұмыстарын жүргізуі қажет.
Жеңімпазға "Үлгілі үй" атағы мен сыйлық беріледі. 11-16 мамыр аралығында комиссия мүшелері жеңімпазды анықтап, қорытынды шығарады. Салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтеді.