Өскеменде "Мемлекеттік тіл - менің тілім!" конкурсы өтті
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты Өскемен қаласында орналасқан №3477 әскери бөлімінде дәстүрлі "Мемлекеттік тіл - менің тілім!" байқауының бірінші кезеңі өтті
Сайыстан топ жарған әскери қызметкер облыс намысын қорғайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Мемлекеттік тіл - менің тілім" сайысы әскери қызметшілердің арасындағы өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау үшін жыл сайын ұйымдастырылады. Конкурс "Бастау", "Өрлеу" және "Қанатты сөздер" сияқты 3 айналым бойынша өткізілді және әрбір айналым алынған ұпай жүйесі бойынша бағаланды. Байқау барысында қатысушылар көрерменге өзін және өзі қызмет ететін ұжыммен таныстыра отырып, қазақ ұлтының мәдени құндылықтарын насихатап, патриоттық рух, баяндау стилі, сауатты сөйлем құрастырып, сөйлеу мәдениетіне баса назар аударуы тиіс.
Биылғы конкурс өз деңгейінде ұйымдастырылды. Барлық қатысушылар өздерінің білімдерін және өнерлерін паш етті, - деді №3477 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Аңсар Шакенов.
Сайыстың қорытындысы бойынша 1-орынды 2-арнайы комендатураның 2-взводы 2-бөлімшесінің сарбазы (атқыш) қатардағы жауынгер Шимин Руслан Сергеевич, 2-орынды 1-арнайы комендатураның 1-взводы 2-бөлімшесінің командирі старшина Леоньтев Александр Викторович, 3-орынды 3-арнайы комендатураның 4-взводы 1-бөлімшесінің сарбазы (атқыш) ефрейтор Лишкаускас Артем Анатолиевич иеленді.
Конкурс соңында №3477 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Аңсар Шакенов және тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар тобының бастығы майор Д. Мухтариев жеңімпаздарды бөлім командирінің атынан грамотамен, сондай-ақ шараның қонақтарын алғыс хаттармен марапаттады.