Өскемен
малооблачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі Қазақстан көшесі екі ай ішінде танымастай өзгереді

Қазақстан көшесін орталық универсамнан бастап, Мыза көшесіне дейін кешенді абаттандыру жұмыстары басталып кетті

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі Қазақстан көшесі екі ай ішінде танымастай өзгереді
Фото:
Устинка LIVE

Өскемен қаласы әкімінің айтуынша, жұмыстар екі ай ішінде толықтай аяқталуы керек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Өскемен қаласында көшелерді абаттандыру жұмыстары жыл сайын жүргізіліп келеді. Өткен жылы қаладағы Назарбаев даңғылының бойындағы көптеген үйлердің қасбеттері ретке келтірілген болатын. Биыл да бұл жұмыс жалғасын табады.

Осы жылы Қазақстан көшесінің бойындағы үйлердің қасбеттері жөнделіп, боялып, базар маңындағы жаяу жүргіншілер жолының бойы абаттандырылмақ.

Мердігер компания көше бойын абаттандыру жұмыстарын бастап кеткен. Қазақстан көшесінің орталық базар орналасқан маңынан бастап Пушкин атындағы облыстық кітапханаға дейінгі аралық адам танымастай болып өзгермек.

Биыл біз Қазақстан көшесінің бойын жаңартуды қолға алдық. Орталық универсам алдындағы сквер жөнделіп, абаттандырылады. Орталық базардың тұсындағы жаяу жүргіншілер жолы жөнделіп, маңайы абаттандырылады. Бұрынғы тұрған ескі дүңгіршектерді алып тастадық. Базар маңынан бастап, Пушкин атындағы облыстық кітапхана аралығына дейінгі аралыққа адамдар демалып отыруға арналған орындықтар, қоқыс жәшіктері қойылып, көрікті аумаққа айналатын болады, – деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.

Сондай-ақ, қала әкімі Жақсылық Омар Қазақстан көшесінің бойындағы барлық ескі үйлердің қасбеттері жөнделіп, боялатынын айтты.

Следующая →