Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендік өндірушілердің тауарын сауда үйлері мен дүкендер неге алмайды?

Өскемен қаласының әкімі жергілікті өндірушілерді нарыққа енгізу тетігін табуды тапсырды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендік өндірушілердің тауарын сауда үйлері мен дүкендер неге алмайды?
Фото:
автордікі

Өйткені қаладағы ірі сауда орындары өзімізде өндірілген тауардан гөрі өзге аймақтың, қала берді тіпті өзге елдің өнімдеріне басымдық береді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Осы тұрғыдан жергілікті кәсіпкерлер қиындық көріп, ісін ілгерілете алмай отыр.

Бүгін Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Alex шұжық жасайтын цехі мен "Ұлан" консерві зауытына барып, жұмыс барысымен танысты.

"ВостокТехноСнаб" ЖК цехі Alex сауда белгісімен 6 жылдан астам уақыт бойы шұжық өнімдерін жасаумен айналысып келеді. Бірақ өскемендіктердің көбі өзімізде осындай шұжық өндірілетінін білмесі анық. Өйткені кәсіпкер өнімін өткізуде көп кедергі көріп отыр.

Бізге бүгінгі таңда Ресейдің, Белоруссияның, кейбір қазақстандық өндірушілермен өз нарығымызда бәсекелесу қиынға соғып тұр. Сапасы жағынан біздің өнім бәсекеге қабілетті, бағасы да қолжетімді. Бірақ дүкендерге, ірі сауда орындарына өткізу жағынан көп кедергі бар, - дейді кәсіпорын директоры Алексей Щедрин. - Кәсіпорында 11 адам жұмыс істейді, тәулігіне 1,5 тонна өнім өндіруге қауқары жетеді. Бізде шұжықтың 30-дан астам түрі, оннан астам ет деликатестері бар.

Айта кеткен жөн, былтыр "ВостокТехноСнаб" ЖК Алматыда өткен Қазақстандық тауар өндірушілердің "ULTTYQ ÓNIM-2023" көрмесінде жеңімпаз атанған.

Жергілікті өндірушілердің өнімі экологиялық таза, бағасы салыстырмалы түрде арзан, сапасы да жақсы. Осындай бәсекеге қабілетті кәсіпкерлердің тізімін жасау керек. Ірі сауда нүктелеріне жергілікті өндірушілерге орын беруді міндеттейтін қандай да бір бағдарлама немесе құжат дайындау қажет, - деп тапсырма берді Жақсылық Омар қоластындағы жауапты мамандарға. - Ірі өндірушілерді нарықтан түгелдей ысырып жіберу мүмкін болмаса да өзіміздің жергілікті өндірушілерге басымдық берілуі керек.

Жергілікті кәсіпкерлердің ісі ілгері басқан сайын, жұмыс орны саны да көбейіп, қала экономикасына да оң әсері болары анық.

Қаладағы бетке ұстар кәсіпорындардың бірі – "Ұлан" ЖШС. Зауыт тек шығысты емес, бүкіл Қазақстанды консервіленген ет және балық өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.

imgonline-com-ua-Resize-jA98Z30L14yOkx.jpg

"Ұлан" ЖШС ет өңдейтін зауыты 1998 жылдан бері жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 50-ден асам сертификатталған өнім шығады. Ол ет, балық өнімдері мен түрлі ботқа, паштет. Етті аудандардағы фермерлерден аламыз, - дейді "Ұлан" ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Габдулхай Ешмурадов. - Өнімдеріміз Қазақстанның барлық өңірінде сатылады. Негізгі сатып алушы – Алматы облысы, Қарағанды, Павлодар. Нарықтағы сұранысқа қарай айына 3-5 миллионға дейін банкі шығады. Сұраныс артқан сайын өнім саны да артады.

imgonline-com-ua-Resize-AQAsbaiobJW.jpg

Кәсіпорын 100-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Қазір зауыттағы жұмыс толықтай автоматтандырылған: темір қалбырдан бастап, этикеткасына дейін арнайы құрылғының көмегімен жабыстырылады. Зауыт ісі енді жанданғанда қалбыр банкілерді ТМК кәсіпорны жасап беретін.


Следующая →