Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл Өскемендегі бірқатар көше жолдары жөнделеді

Биыл облыста "Жол жылы" деп жарияланып, әр аймақта жұмыс жоспары бекітілген

Усть-Каменогорск и ВКО / Биыл Өскемендегі бірқатар көше жолдары жөнделеді
Фото:
Устинка LIVE

Осыған орай облыс орталығында бірқатар көшелердің жолында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жол жөндеу жұмыстарының алғашқы кезеңінде Өскемен қаласының ішіндегі 20-дан астам көшесінің және Красина кентіндегі бірқатар көшенің жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Яғни, асфальті толығымен ауыстырылып, жаңартылады.

Қала әкімінің айтуынша, бірінші кезеңде жөнделетін жолдардың ақшасы бөлініп, мердігерлер анықталып қойған.

Конкурстық жұмыстар аяқталып, жөндеу жүргізетін мердігер компаниялар анықталуда. Үш-төрт күнде жол жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңі басталып кетті. Атап айтар болсақ, Абай даңғылының "Дина" базарынан ары қарай кететін бөлігі, Үлбі көпірі мен Нұрмағамбет көшесінің қиылысы, Қайсенов көшесі, Крылов көшесі (Әуезов пен Жеңіс даңғылының арасы), Спорт сарайы жақтағы автобазар маңындағы жол, және Металлург көшесіндегі жол. Алғашқы кезеңде 20-дан астам көшенің және Красина кентіндегі бірқатар көшенің жолына орташа жөндеу жүргізілетін болады, – деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.

Сонымен қатар, Новаторов көшесіндегі, №47 мектеп маңындағы Есенберлин көшесіне шығатын жол, Красин кентіндегі Пушкин көшесіндегі, Тимофеев, Васильев, Қабанбай батыр, Первомайская, Урожайная, Сәтпаев даңғылы мен Көкжал Барақ көшесінің қиылысындағы, Сарыарқа көшесіндегі және өзге де бірқатар көшедегі жолдар жөнделмек. Сондай-ақ, Шмелов Лог және Красин кентіндегі бірқатар көшелер де биыл жөнделмек.

Қала әкімі жол жөндеу жұмыстарының екінші кезеңінде де бірқатар көшелердің жолы жөнделетінін айтты.

Қазір мамандар іріктеу жүргізіп жатыр, әкімшілік полициямен келісіледі. Защитадағы Вострецов көшесі, ЖМК ауданындағы Жастар көшесі, Михаэлиса, М. Шоқай, Гоголя, Виноградов, Булатов көшелері – тізімге кірген екінші кезеңдегі көшелер. Жалпы, "Жол жылы" аясында жол жөндеуге бөлінетін қаржы біршама көбейді, - дейді Жақсылық Мұқашұлы.

Следующая →