ШҚО-да есірткі жарнамалаған ерлі-зайыптылар ұсталды
Ерлі-зайыптылар есірткі сататын сайттың жарнама қағаздарын жабыстырып жүрген жерлерінен қолға түскен
Өскемен қаласының 41 жастағы ер адам мен оның 28 жастағы зайыбы өздерінің қандай сайтты жарнамалап жүргенін білмеген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД ақпаратына сүйеніп.
Күдіктілердің айтуынша, олар бұл парақшалардың тыйым салынған дәрі-дәрмектерді сататын интернет-дүкендер туралы ақпарат тарататынын білмеген, - деп хабарлады ШҚО ПД. - Бұл жұмысты әйелі тауып, күйеуін бірге жұмыс істеуге шақырған. Жұмыс беруші брошюраларды қала бойынша жапсыру керектігін түсіндірген.
Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын тұтынужы насихаттағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Ерлі-зайыптылар төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.