ШҚО-да гидрологиялық бекеттердегі су деңгейі сыни деңгейден төмен
ШҚО-ның орташа таулы аймақтарында және таулардың өңтүстік беткейлерінде қар жамылғысының қарқынды еруі байқалады
Нәтижесінде таулы өзендерде су деңгейі көтерілуі ықтимал деп болжануда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.
ШҚО-ның солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыс өңірлерінде су тасқыны болуы мүмкін. Барлық гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Гидрологиялық бекеттердегі су деңгейі сыни деңгейден төмен. Су тасқыны жағдайын уақытылы бақылау үшін таулы өңірлерде тұрақты түрде аэровизуалды тексерулер жүргізіледі. Мобильдік топтар су тасқыны учаскелерін күн сайын бақылайды. ЖАО өзендердің түбін тереңдету, арналарын бекіту, қаптар төсеу бойынша жұмыстар атқаруда. Бүгінде арналарды, арықтар мен көпірлерді тазалау жұмыстары толық аяқталды. Жағдай тұрақты, бақылауға алынды, – деді ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының маманы Аяулым Кекиева ОКҚ алаңында өткен брифингте.