Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Үкімет электр энергиясының құнын көтеретін делдалдарды алып тастайды

ҚР Үкіметі энергиямен жабдықтау нарығында тәртіп орнатуға кірісті

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Үкімет электр энергиясының құнын көтеретін делдалдарды алып тастайды
Фото:
pexels

Мемлекет басшысы экономиканы демонополизациялау және жасанды түрде құрылған делдалдық тізбектерді жою жөнінде тапсырма берген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Президент тапсырмасын іске асыру шеңберінде Үкімет энергиямен жабдықтау нарығында тәртіп орнатуға кірісті. Басты мақсат – тұтынушылар үшін электр энергиясының түпкілікті құнын негізсіз көтеретін делдалдарды алып тастау.

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша биылғы 1 сәуірден бастап нарықта 2004 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан және бизнес пен бірқатар бюджеттік ұйымдар үшін тарифтердің мөлшерін дербес белгілей алатын реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың (бұдан әрі - ЭЖҰ) жұмысы тоқтатылды. Бұл ретте талдау көрсеткендей, мұндай компаниялардың табыстылығы 1 кВтсағ үшін шамамен 30-50% немесе 5-20 теңгені құраған. Реттелмейтін ЭЖҰ-дан түскен пайда энергетикалық жүйені жаңғыртуға пайдаланылмады.

ҚР Парламенті Мәжілісінің бірінші оқылымында мақұлданған «Жылу энергетикасы туралы» жаңа заң аясында өнімсіз делдалдарды жою жұмыстары жалғасатын болады. Электрмен жабдықтау нарығындағы қазіргі проблемаларды шешу үшін ҚР Үкіметі бірінші кезеңде реттелмейтін ЭЖҰ қызметін шектеу туралы шешім қабылдады. Екінші кезеңде электрмен жабдықтау саласын өңірлік электр желілері компанияларына беру қарастырылады.

Бұның тиімділігі:

  • заңды тұлғалар үшін тарифтерді төмендету, тиісінше, бизнеске жүктемені азайту, бұл халық үшін түпкілікті өнім бағасының тең шарттары мен төмендеуін қамтамасыз етеді;
  • бюджет қаражатын үнемдеуге алып келетін және үнемделген қаражатты әлеуметтік маңызы бар жобаларға бағыттауға мүмкіндік беретін бюджеттік ұйымдар үшін тарифті төмендету;
  • соңғы тұтынушылар үшін тарифке ең аз әсер ете отырып, энергетика секторына инвестицияларды ұлғайту.

Осындай жұмыстар өнімсіз делдалдар кесірінен бағаның негізсіз көтерілуі байқалатын өзге де салаларда жүргізілетін болады.

Следующая →