Қазақстан мен Ресей ЖЭО салу туралы үкіметаралық келісімге қол қойды
Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмірмен жұмыс істейтін жылу электр орталықтары салынады
ҚР Энергетика министрлігінде ҚР мен РФ-ның энергетика министрліктері арасында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО салу жобалары бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Тараптар "ИНТЕР РАО – Экспорт" ЖШҚ және "Самұрық-Энерго" АҚ атынан уәкілетті ұйымдарды анықтады.
Үш облыс орталығында – Семей, Көкшетау және Өскеменде үш жаңа ЖЭО салу энергетикалық көмірдің мол қорын ескере отырып, олардың одан әрі дамуына қуатты серпін береді, - деп атап өтті ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Қазақстан тарапынан уәкілетті ұйым "Самұрық-Энерго" АҚ ағымдағы жылдың өзінде-ақ алғашқы ЖЭО-ны салуды бастау үшін тиісті жол картасын әзірледі.