Алтай қаласының тұрғыны екі елдің азаматтығымен жүрген
Қос азаматтығы бар ШҚО тұрғынын Қазақстан аумағынан шығарып жіберді
43 жастағы Қазақстан Республикасының азаматы бір жыл бұрын Ресей азаматтығын алған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД ақпаратына сүйеніп.
Алайда ол бұл туралы қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзім ішінде құзырлы органдарға хабарламаған. Осы құқықбұзушылығы үшін оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Материал кейінірек аудандық сотта қаралып, сот қаулысымен азаматты елден шығару туралы шешім қабылданған, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Тәжірибе көрсеткендей, қос азаматтық алуының бірнеше тиімді себептері бар. Мәселен, мемлекеттік шекараны кедергісіз кесіп өту, жәрдемақы алу, зейнетақы алу, мұраға ие болу, бала туылған кездегі жәрдемақы, жоғары оқу орындарына түсу кезінде жеңілдікке ие болу.
Жыл басынан бері ШҚО Көші-қон қызметінің қызметкерлері қос азаматтығы бар 15 азаматты анықтаған, олардың 5-еуі Қазақстан аумағынан шығарылды.
ШҚО Полиция департаменті басқа елдің азаматтығын қабылдаған кезде ҚР азаматы 30 күн мерзім ішінде ішкі істер органдарына немесе шет мемлекеттің аумағындағы Қазақстанның дипломатиялық өкілдігіне хабарлау арқылы Қазақстан азаматтығынан шығатыны туралы мәлімдеуі, сондай-ақ ҚР паспорты мен жеке куәлігін тапсыруы қажет екенін ескертеді.