Бүгін Өскеменде жарылыс жұмыстары жүргізіледі
Облыс орталығының 24-ші шағын ауданы тұрғындарына бүгін дүмпулер естіледі
Жарылыс жұмыстары 14.00-ден 16.00-ге дейін жүргізіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі қалалық әкімдік ақпаратына сүйеніп.
"KazExplo Service" ЖШС ақпараты бойынша, 2024 жылғы 17 сәуірдегі сағат 14.00-дан 16.00-ге "Өскемен қаласының 24 тұрғын ауданының бас жоспары мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу. Кварталішілік жылумен жабдықтау, су құбыры және кәріз желілері" объектісінде жарылыс жұмыстары жүргізіледі.
Өскемен қалалық әкімдігі тұрғындарға алдын ала ескерту жасап, үрей тудырмауды сұрайды.