Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +29°
  • Астана
    +25°
  • Ақтөбе
    +30°
  • Актау
    +28°
  • Орал
    +26°
  • Қарағанды
    +27°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +26°
  • Қызылорда
    +36°
  • Павлодар
    +26°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +32°
$
464.72
+5.12
496.32
+3.26
¥
64
+0.70
5.4
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ертеңнен бастап Өскемендегі үйлерде жылу өшіріледі

17 сәуірде Өскемен қаласында жылу беру маусымы аяқталады

Усть-Каменогорск и ВКО / Ертеңнен бастап Өскемендегі үйлерде жылу өшіріледі
Фото:
pexels.com

Бірақ кей тұтынушылар өз өтініштері бойынша 24 мамырға дейін жылу жүйесін пайдалана алады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жылу беру маусымын аяқтау туралы шешім 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 9/81-VIII "ШҚО-да жылу беру маусымын өткізу және дайындау қағидаларына" сәйкес ғимараттар мен құрылыстарды жылытуды талап етпейтін сыртқы ауаның оң орташа тәуліктік температурасының тұрақталуына байланысты қабылданды, - деп мәлімдеді "Өскемен жылу жүйелері" АҚ.

"Өскемен ЖЭО" ЖШС, "Согра ЖЭО" ЖШС (Жаңа Согра кенті), Геологиялық көшесі, 1/9 бағытындағы ОЖН №3 Қазандықтың жылу көздеріне қосылған тұтынушылардың өтініші бойынша төмендетілген гидравликалық өлшемдерде жылу жүйелерін пайдалануға рұқсат етіледі:

  • балабақшаларға, мектептерге, ауруханаларға, оның ішінде есепке алу аспаптары жоқ мекемелерге - 24 мамырға дейін;
  • жылыту жүйелерінде жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар, меншік нысандары әртүрлі жеке және заңды тұлғаларға - 24 мамырға дейін.

Тұтынушылар өз өтініштерін электронды түрде ukheatnets@ukteplo.kz электрондық поштасына жолдай алады, - деп ескертті "Өскемен жылу жүйелері" АҚ. - Әрбір тұтынушы өз өтінішінде міндетті түрде "төмендетілген гидравликалық өлшемдерде жылыту жүйелерін пайдалануға келісемін" деп қосымша көрсетуі қажет. Сонымен қатар, тұтынушылар өтініштерін "Өскемен жылу жүйелері" АҚ-ға М. Горький көшесі, 61 (дербес қызмет көрсету орталығы) мекенжайына өткізе алады. Жұмыс кестесі сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін түскі үзіліссіз, сенбі күні сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін, жексенбі – демалыс.

Тұтынушылар өз сұрақтарын кәсіпорынның @ukts_info instagram парақшасында да қоя алады.

Следующая →