"Таза Өскемен" мекемесінің қызметкерлеріне жағдай жасалмаған
ШҚО әкімі "Таза Өскемен" коммуналдық мекемесінің жұмысын сынға алды
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев мекемеге барып, қызметкерлерімен тілдесіп, жағдайларын білді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Еске салайық, аймақ басшысы өткен кеңестердің бірінде қалалық коммуналдық қызметке халық тарапынан шағым көп түсіп жатқанын айтқан еді.
Өскемен тұрғындары қыс мезгілінде қоқыстардың уақтылы шығарылмайтынына, көшелер мен аулаларды қалдықтар мен қардан тазартуға көңілдері толмайтыны туралы бірсыпыра шағымдар келіп түсті, - деген болатын облыс әкімі.
Сондай-ақ, өңір басшысы кәсіпорын қызметкерлерімен тілдесіп, жағдайларын білді. Белгілі болғандай, қызметкерлер үшін жағдай жасалмаған. Жұмыс бекетінде жылу жоқ, тіпті кәсіпорын тарапынан техниканы жууға арналған арнайы орындар қарастырылмаған. Қызметкерлер үшін арнайы демалыс бөлмелері де жоқ.
Өңір басшысы қысқа мерзімде коммуналдық кәсіпорынды ретке келтіруді және күнделікті маң терімен қаланы таза әрі әдемі ететін қызметкерлер үшін қолайлы жағдай жасауды тапсырды.