Өскемен
пасмурно
+24°
  • Өскемен
    +24°
  • Алматы
    +25°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +10°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +24°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +25°
$
441.41
+0.51
477.78
+1.83
¥
61.12
+0.17
4.84
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен қаласының әкімі Сол жағалау ауданының тұрғындарымен кездесті

Қаладағы шағын аудандарды дамыту бойынша бағдарлама әзірленген

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемен қаласының әкімі Сол жағалау ауданының тұрғындарымен кездесті
Фото:
№6 Аймақтық басқару орталығы ұсынды

Қалалық әкімдік көктемде басталатын дәстүрлі есептік кездесулерді Сол жағалау ауданынан бастады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Соңғы жылдары билік назарынан тыс қалып келген Сол жағалау ауданында қордаланған мәселе шаш етектен. Қала әкімдігі осы олқылықтың орнын толтыруға білек сыбана кіріскен.

Өскемен қаласының әкімі осыған дейін Сол жағалау ауданы халқымен үш рет кездесу өткізіп, тұрғындардың өтініштері негізінде ауданды дамыту бойынша жоспар жасалды. Жергілікті тұрғындардың арасынан белсенділер комиссиясы да құрылған.

Былтыр Сол жағалаудағы Ертіс және Базовая көшелеріндегі 44 үй орталықтандырылған су жүйесіне қосылды. Бірақ құбыр тарту жұмыстарынан кейін топырақ шөгіп, асфальт қираған. Мұның барлығы ретке келтірілмек.

Дүйсенбіден бастап  мердігер топырақ шөгіп, асфальт бұзылған аумақты қалпына келтіреді. Жаңа асфальт төсеп, шөккен аумаққа топырақ төгіп, көтереді, - деді қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының м.а. Абзал Маулетханов.

Сондай-ақ, Прибрежная көшесіндегі балалар алаңына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Биылғы жоспарда - Васильев және Урожайная көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жол жабындысы ауыстырылады. Тұрғындардың өтініші бойынша, мердігер қиылысатын көшелердің шұңқырларын да жөндей кетеді. Қазірдің өзінде қиыршық тас төгіліп жатыр.

Осы аптадан бастап бірнеше көшеге жарық тартылады. 

Рижская көшесіндегі тротуар жөнделіп, Ульяновская көшесінде жаңа ойын алаңы пайда болады. Бұл жұмыстар сәуір айының аяғына таман басталады. Сондай-ақ, көшенің шұңқырлары да жөнделеді. 

Ауданды дамыту бойынша нақты жопар бар. Соған сәйкес тұрғындардан күзде өтініштер қабылдағанбыз, қазір көктем шыға қай жұмыстар атқарылатынын түсіндіріп жатырмыз. Қай көшеге асфальт төселіп, қай көшеге қиыршық тас төгілетінін, қай жерге балалар алаңшалары салынып, қай көшелер жарықтандырылатыны жайлы жоспарлармен бөлістік. Келесі кездесу осы жұмыстардың бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін болады. Атқарылған шаруалар жайлы есеп беріп, келесі атқарылар шаруалар жайын ақылдамасыз. Бұндай кездесулер өте қажет, - деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.

Кездесу кезінде тұрғындар ең өзекті мәселе – орталық жылу жүйесіне қосылу жайын тағы да көтерді. Орталық жылу жүйесіне тек көпқабатты үйлер емес, жер үйлер де мұқтаж.

Қазір қала бойынша өзекті мәселелердің бірі – жылу жеткіліксіздігі. Өйткені қалада жаңа шағын аудандар пайда болып, жаңа үйлер бой көтеріп жатыр. Бұл тек Сол жағалаудың мәселесі емес, басқа аудандар да орталық жылу жүйесіне қосылғысы келеді, - деп атап өтті Жақсылық Мұқашұлы. - Сондықтан да №2 ЖЭО салынуын күтуге тура келеді. Бұл, кем дегенде, 4-5 жыл уақыт. Қазір келесімшарт жасалған, жоба бойынша жұмыстар басталды. Жаңа ЖЭО Қ. Қайсенов кентіне қарай жолда орналаспақ. 

Следующая →