Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығыс туралы аңыз-әпсаналарды қамтитын интернет-портал ашылды

Оның мақсаты – шығыс өңірі жайлы халық арасында сақталған аңыз-әңгімелерді жинақтау, сақтау және дәріптеу

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО туралы аңыз-әпсаналарды қамтитын интернет-портал ашылды
Фото:
А.С. Пушкин атындағы кітапхана

А.С. Пушкин атындағы облыстық кітанханада интернет-порталының тұсаукесері мен жасанды интеллекттің көмегімен "жандандырылған" өлкеміздің аңыз-әңгімелеріне негізделген суреттер көрмесінің ашылуы өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Аңыз-әпсаналар түрлі дереккөздерден жиналып, аударылып, https://anyz.pushkinlibrary.kz порталына орналастырылды. Порталдағы барлық материалдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.

Мұнда өлкемізге байланысты қызықты да сан түрлі аңыздарды табуға болады, – дейді кітапхананың анықтама-библиографиялық бөлім қызметкері Меруерт Жайлыбаева. – Мысалы, қала шетіндегі өзен неге Аблакетка, ал Катонқарағайдағы жайлау Алтықыз аталғанын, Алқабек атты жас жігіттің көңілінен шықпаған Ұласты арудың қандай құсқа айналғанын, "Алып әйелдің ұршығы" облысымыздың қай аймағында орналасқаны туралы ақпарат алып, басқа да қызықты аңыздармен таныса аласыз. Сондай-ақ, портал арқылы Шығыс Қазақстанның киелі жерлеріне виртуалды саяхат жасап, ежелгі "Ақ-Бауыр" обсерваториясын тамашалап, Алтайдың ең биік шыңы – Мұзтауға аяқ басып, "Ырғызбай ата" кесенесімен танысып, Қиын-Керіштің алаулаған шоқыларына серуендеуге болады. Оған қоса, пайдаланушылардың назарына аңыз-әпсаналармен таныстыратын электронды толық мәтінді фольклорлық кітапхана мен тақырыптық бейнеподкасттар ұсынылады.

Осы орайда айта кеткен жөн, кез келген оқырман порталға өз туындысын жариялай алады. Мәселен, қандай да бір аңыз желісімен сурет салу, Шығыс Қазақстанның әсем жерлеріне жасаған саяхат әсерлерімен бөлісу, облысымыздағы қызықты жерлермен байланысты авторлық аңыз жазуға болады.

Интернет-порталдың тұсаукесерінде осы аңыз-әпсаналар желісімен жергілікті суртшілер және олардың шәкірттері салған суреттер көрмесі өтті.

Республика және бүкіл әлем көлемінде ішкі және сыртқы туризмге деген қызығушылық артқан уақытта аталған ресурсқа шексіз қолжетімдікті қамтамасыз ету маңызды. Портал бейімді дизайнға ие, материал экранның ені мен биіктігіне икемді түрде бейімделеді және компьютерде, планшетте, смартфонда да жақсы көрінеді. Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналарын бір жерге жинақтаған интернет-портал ежелгі ақиқат пен заманауи технологияны, ұрпақ сабақтастығы мен жаңа идеяларды біріктіре отырып, киелі де таңғажайып өлкемізбен жақын танысуға жетелейді.

Следующая →