Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде "Болашақ Сәтпаевтар" байқауының жеңімпаздары анықталды

О. Бөкей атындағы қалалық кітапхана ғалым Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдық мерейтойына орай оқушылар арасында ІТ саласы бойынша байқау өткізді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде "Болашақ Сәтпаевтар" байқауының жеңімпаздары анықталды
Фото:
О. Бөкей ат. қалалық кітапханадан

Байқау жастарды заманауи технологияға, ғылымға ынталандыруға бағытталған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қаңтар айында Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдық мерейтойына орай оқушылар арасында "Болашақ Сәтпаевтар" байқауын жарияладық. Балалар жасанды интеллекті пайдалана отырып өз жобаларын ұсынуы керек еді. Яғни, мақсат - жасанды интеллекті білім беру ісінде қалай пайдалануға болатынын көрсету. Барлығы 16 бала жұмыстарын ұсынды. Соның ішінен үздік жұмыстар таңдалып, ғалымның туған күніне орай қорытындыланды, – деді О. Бөкей атындағы қалалық кітапхана директорының орынбасары Жанат Жиенбекова.

Оқушылардың жобаларын Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ сандық технология және жасанды интеллект мектебінің профессоры, PhD докторы Индира Увалиева, С. Аманжолов атындағы ШҚУ "Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технология" кафедрасының лекторы Бақытжан Көпжасаров, ҚАЕУ "Бизнес" кафедрасының аға оқытушысы Азамат Бердібекұлы жан-жақты саралап, бағалады.

Үздік жұмыстар:

  • "StAI-Мобильді қосымшасы". Авторы: Камила Оралбекова, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы.
  • "Қазақ тілін үйрету қосымшасы". Авторы: Асылай Жеңісбекова, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы.
  • "Python программалау ортасында бейнені тануды жүзеге асыру процесі". Авторы: Інжу Кенжеханқызы, Aбaй aтындaғы №33 oртa мектебінің 8-сынып оқушысы.
  • "3D-үлгі (bandicam)" бейнеролигі. Авторы: Виктор Федоров, облыстық арнайы ІТ мектеп-лицейдің 6-сынып оқушысы.

Бұл жоба үшін қазақ тілін оқытуға арналған бағдарлама дайындадым және ол үшін жасанды интеллекті пайдаландым. Яғни, бағдарламада жасанды интеллект пайдаланушының тілді меңгеру дәрежесі мен қалауларына байланысты оған оқу жоспарын дайындайды. Әр түрлі кеңестер мен материалдар беріп отырады. Бағдарлама қазір әлі әзірлік барысында, болашақта жаңартулар енгізіліп, дамытамыз. Болашақта Google Play және App Store бағдарламалар дүкендеріне орналастырамыз, – дейді Асылай Жеңісбекова.

imgonline-com-ua-Resize-xs7z4yZUVx.jpg

Болашағын ІТ саласымен байланыстыратын Асылай бұған дейін де түрлі бағдарламалар жасап эксперименттер жүргізіп келеді. Мәселен, қазір ішімдік және нашақорлықты жеңуге арналған бағдарлама жасап жатыр.

Следующая →