Өскемен
пасмурно
-6°
  • Өскемен
    -6°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -13°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    -3°
  • Қызылорда
    -2°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -4°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +3°
$
523.58
+0.41
549.71
-0.35
¥
71.99
+0.18
5.01
+0.08
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Геология майталманы": болашақ ғалымдар жобаларын таныстырды

Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада болашақ ғалымдар жобаларының таныстырылымы өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / "Геология майталманы": болашақ ғалымдар жобаларын таныстырды
Фото:
А.С. Пушкин атындағы кітапхана

ҚР Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен 12 сәуір - Ғылым қызметкерлері күні болып белгіленді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл күн биыл 125 жылдық мерейтойы аталып өтетін көрнекті геолог-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың туған күнімен байланысты.

Қаныш Имантайұлы - қазақ тіліндегі алгебра мектеп оқулығының алғашқы құрастырушысы, қазақтар арасындағы тұңғыш кәсіби инженер-геолог, КСРО ғылым академиясының тұңғыш қазақ-академигі, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті және негізін қалаушы, ҚазКСР Ғылым академиясының Геология институтының тұңғыш директоры, Қазақстандағы Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың тұңғыш лауреаты.

Презентация сессиясында С. Аманжолов атындағы ШҚУ "Физика және технологиялар" кафедрасының студенттері өздерінің ғылыми жобаларын ұсынды. Жастар сарапшылар алдында өз идеяларын, әзірлемелері мен зерттеулерін қорғады: Герон субұрқағы, астрономиялық мұражай жобасы, үйде барометр жасау, литотерапия жобасы, жеке үйді қашықтықтан басқару және т.б.

Сондай-ақ, ең жас зерттеушілер де өз ғылыми жобалары мен шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Олар – Күршім ауылының №3 мектеп-гимназиясы оқушылары көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған ультрадыбыстық білезік ұсынса, Ахмер орта мектебі оқушылары өсімдіктерді өсірудің тиімді әдісі – гидропоника туралы айтып берді.

А.С. Пушкин атындағы кітапхананың техникалық үйірмелері мен шығармашылық алаңдарында жас ұрпақтың ғылымға деген қызығушылығын арттыруға тырысып, жастардың политехникалық ой-өрісін кеңейтуге көмектеседі, балаларға қабілеттерін жан-жақты ашып, ең батыл идеялары мен жоспарларды жүзеге асыруға себепші болады.

Следующая →