Өскемендегі пәтерлерде жылу қашан өшеді?
Былтыр облыс орталығында жылыту маусымы ресми түрде 26 сәуірде аяқталған
Биыл сәуір айының ортасында жылуды алдын ала өшіру жоспарлануда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Buqara.kz сайтының ақпаратына сүйеніп.
"Өскемен жылу желілері" АҚ түсіндіргендей, қаладағы жылуды өшіру үшін тұрақты орташа тәуліктік температура +10 градус және одан жоғары болуы керек. Сәуір айының ортасында жылуды алдын ала өшіру жоспарлануда.
Осы орайда тұрғындар пәтерлерінде қолайлы температураны өз бетінше орната алатынын еске саламыз. Ол үшін радиаторларға реттегіштер орнату қажет.