Өскемен
малооблачно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +25°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +32°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +29°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +28°
  • Қызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +17°
  • Петропавловск
    +23°
  • Тараз
    +27°
  • Туркестан
    +26°
  • Шымкент
    +30°
$
451.77
+2.01
485.97
+2.97
¥
62.28
+0.28
5.07
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Алтай ауданындағы 12 елді мекен тасқын қаупі бар аймаққа жатады

Облыс әкімі тасқын жүру қаупі бар барлық аудандарға тәулік бойы мониторинг жүргізуді тапсырды

Усть-Каменогорск и ВКО / Алтай ауданындағы 12 елді мекен тасқын қаупі бар аймаққа жатады
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ермек Көшербаев өңірдегі су тасқынына қарсы ахуал бойынша Алтай ауданында мемлекеттік органдардың басшыларымен жедел кеңес өткізді, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты ШҚО әкімінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Өңір басшысы кез келген өзгерістерге дайын болып, мемлекеттік орган басшыларына жедел ден қою жоспарын құруды тапсырды.

Сондай-ақ, жедел кеңес барысында облыс әкімі елді мекендерді абаттандыру жұмысына аса назар аударуды ұсынды. Жерлестерімізді экологиялық акцияларға белсенді қатысуға шақырып, аймақтың тазалығы әр адамның өз ауласын ретке келтіруден басталатынын еске салды.

Бүгінде Алтай ауданындағы туризмді дамыту - өзекті мәселелердің бірі. Алтай-Катонқарағай ауданына апаратын логистикалық туристік аясында аймақтағы "жасыл" туризмді дамыту қажет, ол үшін өңірдің креативті экономикасын дамыту көзделген, - деді Ермек Беделбайұлы. - Алтай аймағы туристер жиі шоғырланатын танымал орталыққа айналуы керек, себебі пайдалы қазбалар ертелі-кеш сарқылатыны анық. Елді мекендердің экономикалық өсуін әртараптандыруға дайын болуымыз қажет.

Ауыл тұрғындарының "Еңбек ұтқырлығы" орталығы арқылы тың идеялары үшін грант иегері атануға нақты мүмкіндіктері бар. Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі мемлекеттік орган басшыларына аталған мәлеселер мен бастамалар бойынша тапсырма берді.

Следующая →