Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО мектеп асханаларында балалардың нанын "жеген"

ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары мен басқа да 6 лауазымды тұлға осы үшін жауапқа тартылды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО мектеп асханаларында балалардың нанын "жеген"
Фото:
Устинка LIVE

Бұл туралы ШҚО Прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Облыс прокуратурасы аз қамтылған отбасылардан шыққан 9 501 баланың, сондай-ақ 11 бизнес субъектісінің құқықтарын қорғады.

Талдау барысында мектеп асханаларында халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын (әлеуметтік көмек алатын, жетім, толық емес отбасылардан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және т.б.) және мемлекет есебінен тамақтанатын оқушыларға нормадан (11-18 жас аралығындағы оқушылар 7-10 жастағы балалардың нормаларымен тамақтандырылған) аз тамақ беріліп келгені анықталды, - деп хабарлайды ШҚО Прокуратурасының баспасөз қызметі.

Мысалы, 11-14 жас аралығындағы оқушыға арналған нанның нормасы күніне 35 грамм, ал 15-18 жас аралығындағы балаларға күніне 40 грамм берілуі тиіс. Бірақ мектеп асханаларында іс жүзінде балаларға нормадан 2 есе аз, яғни, күніне 20 грамм (6-10 жас нормасымен) нан берілген.

Сонымен қатар, мектеп асханаларында тамақтандыру бойынша қызмет көрсететін 11 кәсіпкерден төлем кезінде қосылған құн салығын заңсыз алып отырған (620 теңгенің орнына 1 оқушы/күн, яғни ҚҚС есебімен 553 теңгеден төленген), - делінген хабарламада. - Прокурорлық қадағалау актісі бойынша ШҚО білім басқармасының 7 лауазымды тұлғасы, оның ішінде, басшының орынбасары (осы бағытқа жетекшілік ететін) қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Білім басқармасы өңірдің 9 501 оқушысының тамақтану нормаларын ұлғайтып, 11 кәсіпкерге заңсыз ұсталған сомасын өтеу үшін қайта есептеу жүргізуде.

Следующая →