ШҚО таулы аудандағы жол учаскелердің бірінде қар түсірілді
"Берел-Рахман қайнары" автожолының учаскесінде 7400 текше метр қар түсірілді
Құбылмалы ауа райына байланысты облыстағы таулы учаскелерде қар көшкіні қаупі жоғары, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Қазселденқорғау" ММ ШҚО филиалының мамандары жүргізген мониторинг Катонқарағай ауданындағы "Берел-Рахман қайнары" автожолының учаскесінде көшкіндерді профилактикалық түсіру қажет екенін көрсетті.
ШҚО ТЖД және "Қазселденқорғау" қызметкерлері жарылыс жұмыстарын ұйымдастырып, нәтижесінде қауіпті учаске тазартылды. Мұнда 7400 текше метр қар түсірілді.
Көшкін қаупі бар кезеңнің басынан бастап өңірде 96 рет қар түсіріліп, нәтижесінде 228070 текше метр қар массасы түсірілді, - деп "Қазселденқорғау" ШҚО филиалының басшысы Советбек Станбеков атап өтті.