Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО драма театрының репертуары жаңа комедиямен толықты

Облыстық драма театрында Сафуан Шаймерденовтің "Дөкей" комедиясының тұсаукесері өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО драма театрының репертуары жаңа комедиямен толықты
Фото:
ШҚО драма театрынан

Оны Алматыдан арнайы шақыртылған режиссер Жұлдызбек Жұманбай сахналады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл бір ауылды дүрліктірген оқиға жайлы қойылым. Барлығы "Дөкей келеді. Дайын болыңдар" деген жеделхаттан басталады. Әрбір тұрғын бұл жаңалықты өзінше қабылдайды, бірақ шенеуніктер арасында ерекше жандану байқалады. Бастықтар сынақтан өтуді қорқынышпен күтеді және өздерінің кемшіліктерін түзетуге тырысады. Ал әйелдері бұларға көмектеседі. Тіпті махаббат машақаты да орын алады. Осылайша үлкен шу болады. Соңында Дөкей келеді, бірақ…

Қойылым әзілдей отырып, қоғамның шын бет-бейнесін көрсетуді көздейді. "Болашақ" бағдарламасымен білім алған жас режиссер Жұлдызбек Жұманбай қойылымды бүгінгі заманға лайықтап, ән-бимен әдемі әрлеген. Режиссер қойған міндетті театр актерлері жақсы түсініп, көрерменге жеткізе білді. Бұл әрі актер, әрі режиссер Жұлдызбек Жұманбайдың ШҚО драма театрымен бірлесіп жасап отырған алғашқы жұмысы.

Автор ертеректе Петропавл маңындағы ауылдардың бірін суреттеп жазған. Бірақ біз мұны қазіргі заманмен үйлестіріп, қызықты болсын деген ниетпен ән мен би қостық. Көрерменге ұнайды деген сенімдеміз. Бұл спектакльде сырт жақтан бір адам келсе, жергілікті жұрттың бірден өзгеріп шығатынын көрсету негізге алынды. Былайша айтсақ, мазмұны шындықты әзілмен жеткізу, - дейді басты рөлдердің бірін сомдаған актриса Гүлвира Әбекенқызы.

Следующая →