Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі 12 көпқабатты үйге күрделі жөндеу жүргізіледі

ШҚО әкімі Өскемен қаласының басшылығына шаһардағы әр мәселе бойынша жоспарлы әрекеттер алгоритмін жасауды тапсырды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі 12 көпқабатты үйге күрделі жөндеу жүргізіледі
Фото:
Устинка LIVE

Ермек Көшербаев қала әкімдігімен және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерімен Өскемен тұрғындарынан келіп түскен жүйелі мәселелер мен шағымдарды талқылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қаладағы басты мәселелердің бірі - ескі және апатты тұрғын үйлер. Күрделі жөндеуді қажет ететін 12 үйге жобалық-сметалық құжаттама дайын, биыл жұмыс басталады,- деп атап өтті облыс әкімі Ермек Көшербаев. - Адамдар тіркелген және тұрақты тұратын саяжай кооперативтеріне келетін болсақ, мен облыс орталығының әкімдігіне сәуір айының басына дейін осы мәселенің барлық аспектілері ескерілетін бағдарлама дайындауды тапсырдым.

Облыс әкімі пәтер иелері кооперативі қызметіне көптеген шағымдар барын айтады.

Олардың әрқайсысымен жұмыс жүргізу керек, өйткені көптеген жергілікті атқарушы органдар мен өзін-өзі басқару органдары адамдардың шағымдарына бейжай қарайды. Мұндайға жол берілмеуі қажет, - деп ескертті Ермек Беделбайұлы.

Енді бір мәселе - қаңғыбас иттер. Облыс басшысы бұл қазір бүкіл елдегі өзекті мәселе екенін атап өтті.

Иесіз иттердің тұрғындарға шабуыл жасау жағдайлары бүкіл елде тіркелуде, - деп атап өтті Ермек Беделбайұлы. - Дегенмен итті аулау көпшіліктің, соның ішінде балалардың көз алдында емес, адамгершілікпен жүргізілуі шарт. Иттер көбінесе қоқыс тастайын жерлерде жиналады. Ал "Таза Өскемен" тұрмыстық қалдықты уақытылы шығармайды, жәшіктердің беті жабылмайды. Жәшікке қоқыс тастауға келген адамнан тамақты қызғанған ит шабуыл жасайды.

Следующая →