Үлкен Нарын ауданындағы бірнеше үйдің ауласын су басты
Бүгін Үлкен Нарын және Алтынбел ауылдарындағы жиырмадан астам үйдің ауласына қарғын су жайылды
ТЖД қызметкерлері тұрғындарға көмектесуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
29 наурызда Үлкен Нарын ауылындағы Рыков және Астана көшелерінде қардың еруі және еріген сулардың жиналуы нәтижесінде 11 жер үйдің ауласын су басты, - деп хабарлады ШҚО ТЖД. - Алтынбел ауылында да қардың қарқынды еруі нәтижесінде 10 үйдің ауласына тереңдігі 10 см болатын су жиналды.
ТЖД және жергілікті атқарушы орган қызметкерлері бірлесіп, суды бұру, топырақ төгу және қапшықтарды төсеу жұмыстарын жүргізуде.
2024 жылдың 30 наурызы мен 02 сәуірі аралығында облыс аумағында жауын-шашынның түсуіне және ауа температурасының жоғарылауына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Осыған байланысты өзендердегі су деңгейі көтеріліп, елді мекендерге қауіп төндіруі мүмкін.
Құтқарушылар халыққа арықтар мен арналарды тазартып, үй аумағын үйіп тастау үшін қолда бар материалды дайын ұстауды ұсынады.
Төтенше жағдай туындаған кезде "112" нөміріне қоңырау шалыңыз.