Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО драма театрының үздіктері марапатталды

Шығыс актерлері үшін ең мәртебелі марапат - Рүстем Есдәулетов атындағы сыйлық орыс театрының көркемдік-қойылым бөлімінің меңгерушісі Ирина Сахароваға бұйырды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО драма театрының үздіктері марапатталды
Фото:
ШҚО драма театрынан

27 наурыз - халықаралық театр күні. Мерекеге орай Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында "МАСКА" сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайдыУстинка LIVE тілшісі.

Кәсіби мерекеде қазақ, орыс және жас көрермен театрының (бұрынғы жастар театры) ерекше көзге түскен өкілдеріне құрмет көрсетілді.

Соңғы уақытта театрымыздың беделі артып, көрермені көбейіп келеді. Облыстық мәдениет басқармасының қолдауының арқасында бюджетіміз де, беделіміз де өсті. Барлығымыз бірлесе жұмыс істеудің нәтижесінде көптеген жетістіктерге қол жеткіздік, – деді облыстық драма театрының директоры Руслан Қайырсынов.

Көрермен көңілінен шыға білген жас көрермен театрының көркемдік жетекшісі Едіге Ақылбеков пен қазақ театрының актері Шалқар Арыстанбековке "Шабыт" сыйлығы бұйырды. Ал орыс театрының актері Юрий Миронов "Жас дарын" аталымы бойынша марапатталса, Жас көрермен театрының актері Ермахан Мұхаметбеков және Думан Дулатұлы "Үміт" сыйлығының иегері атанды.

Көп жылғы сіңірген еңбегі үшін орыс театрының тігін цехының меңгерушісі Екатерина Глинина марапатталса, "Ең үздік техникалық қызметкер" аталымымен қазақ театрының жарық түсіруші технигі Жанерке Құдайбергенова марапатталды. Сонымен қатар қазақ театрының актері Ертай Хасенов "Театр өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін" аталымы бойынша марапатталды.

"Үздік шығармашылық қызметкер" аталымымен қазақ театрының труппа меңгерушісі Айжан Садуақасова, "Балаларға арналған спектакльдегі үздік рөл" аталымымен Юлия Волобуева марапатталды. Ал "Қазына" аталымымен Жас көрермен театры режиссерінің көмекшісі Зикамал Қайсанова және актер Тұрсынбек Дүзбаев марапатталды.

Ал "Екінші пландағы үздік әйел рөлі" аталымы бойынша орыс театрының актрисасы Дина Епимахова және Жас көрермен театрының актрисасы Айгүл Хамит марапатқа ие болса, "Екінші пландағы үздік ер адам рөлі" үшін берілетін марапат Максим Горбанев, Олжас Тұрғанов, Мирас Разқанов, Әлібек Малшиев қатарлы өнер иелеріне бұйырды. Ал биылғы "Ең үздік ер адам бейнесі" аталымымен Ақжол Сақанов, Сергей Засорин, Еркебұлан Какимов қатарлы актерлер марапатталды.

Маска сыйлығының "Ең үздік әйел адам бейнесі" аталымымен Қазақ театрының О.Бөкейдің "Қар қызы" драмасындағы "Қар қызы" рөлін сомдаған Айым Бегмат марапатталды.

Ал "Үздік спектакль" аталымы бойынша орыс театрының "Өмір-көңілді нәрсе!.." спектаклі жеңімпаз деп танылды.

Следующая →